jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Түркістанда бір жасар баласын 7 млн теңгеге сатпақ болған әйел ұсталды

Сәби
Көрнекі сурет: pixabay.com

Бір жасар баласын 7 млн теңгеге сатпақ болған түркістандық әйел ұсталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық прокуратура ұсынған мәліметке сәйкес, 27 жастағы келіншек қамауға алынып, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Сәбиді сатуға әрекет жасау қылмысы кезекті мониторинг жүргізу барысында анықталған.

"Осы материал бойынша сол күні Түркістан қалалық полиция басқармасы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 135 бабы 2-бөлігі 12-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдарын бастады. 1994 жылы туған күдікті әйел өзінің 2020 жылы туған баласын сату және 7 млн теңге көлемінде ақша алу кезінде қолға түсті", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Павлодарда 10 айлық баласын аяусыз ұрып жатқан келіншектің видеосы желіде тарап кеткенін жазған едік. Бұл жайтқа қатысты өңірлік полиция департаменті пікір білдірді.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, баласын ұрған әйелге қатысты соталды тергеу басталған.

Одан бөлек, Нұр-Сұлтан перзентханаларының бірінде таңғаларлық жағдай болғанын жазған болатынбыз.

Анасының жатырынан ұл боп шықты деген сәби, анасы кесар тілігінен кейін есін жиғанша қызға айналып шыға келген. Әкесі қыз бала дүниеге келгеніне сене алар емес. Ал дәрігерлердің айтуларынша, компьютерге мәлімет енгізген дәрігерден қателік кетіп, бұған дейін туған баланың жынысы мен салмағы жазылып кеткен.

Түркістанда бір жасар баласын 7 млн теңгеге сатпақ болған әйел ұсталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.