Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 1 маусым күні қоғамдық көліктер балаларға тегін болады

Опубликовано:

Автобус
Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

1 маусымда Балаларды қорғау күніне орай оңтүстік астанада қоғамдық көліктер балалар үшін тегін болады деп хабарлайды Алматы қалалық мобильділік басқармасы Facebook-тегі ресми парақшасында.

Алматылықтарға қатыты жақсы жаңалығымен бөліскен басқарма желі парақшасында қоғамдық көліктердің кімдер үшін тегін болатынын да нақтылаған.

"Балаларды қорғау күніне орай 1 маусым күні 7-15 жас аралығындағы балалар үшін қалалық қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады", - деп жазған Алматы қалалық мобильділік басқармасы.

Еске салсақ бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық бүлдіршіндерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтағанын жазған едік.

"1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Еліміздің жас буын өкілдерінің балалық шағы бақытты өтіп, дені сау, жан-жақты азамат болып өсуіне жағдай жасау – стратегиялық маңызы бар міндет. Бұл – Қазақстанның жарқын болашағының кепілі", - деп жазды президент Twitter парақшасында.

Одан бөлек, Алматы наурыздан бері алғаш рет COVID-19-дың таралуы бойынша "сары" аймаққа өткенін жазған едік.

Нәтижесінде "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды облыстары қалып отыр.

"Сары" аймақта: Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915412-almatyda-1-mausym-kuni-qogamdyq-kolikter-balalarga-tegin-bolady/

pixel