Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын жұқтырғандарға қатысты статистиканы жаңартты. Оған сәйкес, өткен тәулікте 1319 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған деп хабарлайды Coronavirus2020.kz telegram арнасы.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 218
  • Алматы қаласы - 208
  • Шымкент қаласы - 46
  • Ақмола облысы - 77
  • Ақтөбе облысы - 20
  • Алматы облысы - 54
  • Атырау облысы - 82
  • Шығыс Қазақстан облысы - 70
  • Жамбыл облысы - 23
  • Батыс Қазақстан облысы - 91
  • Қарағанды облысы - 220
  • Қостанай облысы - 39
  • Қызылорда облысы - 7
  • Маңғыстау облысы - 53
  • Павлодар облысы - 58
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 37
  • Түркістан облысы - 16.

Осылайша, ел бойынша коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 388 991-ге жетті.

Еске сала кетсек, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақталып жатқанын мәлімдеген болатын.

Министр республика бойынша коронавируспен ауыру көрсеткіші төмендеп келе жатқанын атап өтті. Өткен аптамен салыстырғанда соңғы жұмада індет жұқтырғандар саны 15 мыңнан 12 мыңға дейін төмендеген.

"Жалпы соңғы айда ауыру көрсеткіші 1,6 есе азайды. Қазіргі таңда эпидемиологиялық жағдай тұрақталуда, өңірлердің қызыл аймақтан біртіндеп шығып жатқаны байқалады, коронавируспен ауыру реалистік сценарий бойынша өрбіп келеді", - деді Цой үкімет отырысында.

Сонымен қатар, 1 маусымда Алматы наурыздан бері алғаш рет COVID-19-дың таралуы бойынша "сары" аймаққа өткенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915580-elimizde-bir-taulikte-qansa-adamnyn-koronavirus-zuqtyrgany-belgili-boldy/

pixel