Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Қарағанды облысы тағы да көш бастады

Опубликовано:

Алматы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1319 адам тіркелген. Олардың дені Қарағанды облысынан деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 222
  • Алматы қаласы - 184
  • Шымкент қаласы - 46
  • Ақмола облысы - 75
  • Ақтөбе облысы - 27
  • Алматы облысы - 53
  • Атырау облысы - 64
  • Шығыс Қазақстан облысы - 90
  • Жамбыл облысы - 23
  • Батыс Қазақстан облысы - 89
  • Қарағанды облысы - 254
  • Қостанай облысы - 38
  • Қызылорда облысы - 9
  • Маңғыстау облысы - 44
  • Павлодар облысы - 61
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 20
  • Түркістан облысы - 20.

Жалпы қазіргі уақытта Қазақстанда елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 391 695-ке жетіп отыр.

Сонымен бірге, өткен тәулікте 1586 адам індеттен жазылған.

Айта кетейік, қазір коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды облысы "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары орналасқан.

Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары "жасыл" аймақта.

Сонымен қатар, енді коронавирусқа қарсы вакцина алған азаматтар Ashyq қосымшасында "жасыл" мәртебеге ие болмақ.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, ол Ashyq функциясы деп аталады. Себебі ол бірнеше қосымшаларда қолжетімді болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915995-qazaqstanda-otken-taulikte-qansa-adamnyn-koronavirus-zuqtyrgany-belgili-boldy/

pixel