jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Мусин: Вакцина салдырғандарға келесі аптада "жасыл" мәртебе беріледі

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Коронавирусқа қарсы вакцина алған азаматтар Ashyq қосымшасында "жасыл" мәртебеге ие болады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин халық алдындағы есептік кездесуінің қорытындысында айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Біз денсаулық сақтау министрлігімен бұл жұмысты жүргізіп жатырмыз. Келесі аптаның басында бізде барлық вакцина алған адамдар Ashyq қосымшасында "жасыл" мәртебеге ие болады. Қазір біз оны Ashyq функциясы деп атаймыз. Себебі ол бірнеше қосымшаларда қолжетімді болады", - дейді Бағдат Мусин БАҚ өкілінің сауалына берген жауабында.

Сонымен қатар, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин бүгінгі таңда негізгі интеграциялық жұмыстар аяқталғанын, жұмыстың тек соңғы бөліктері қалғанын жеткізді.

Айта кетейік, Қарағандыда енді екпе орталықтарында әр вакцина үшін жеке кабинеттер ашылатын болды.

Себебі, дәрігерлер алғаш рет "ХаятВак" вакцинасын алған студентке "Спутник V" вакцинасының екінші компонентін салып жіберген. Бұл жайтқа қатысты Қарағанды қаласы №1 емхана директорының орынбасары Ирина Кузнецова пікір білдірді.

"Қате жіберген медицина қызметкеріне тәртіптік жаза қолдандық. Ол екпе жұмыстарынан шеттетілді. Шатыстырмас үшін енді вакцинаның әр түріне жеке кабинеттер белгіленді. Ал екі түрлі вакцинаның компонеттерін алған Қарағанды қаласының тұрғыны біздің ерекше бақылауымызға алынды. Тіпті бұл жөнінде республикалық дәрігерлер консилиумын өткізуді жоспарлап отыр", - дейді ол.

Мусин: Вакцина салдырғандарға келесі аптада "жасыл" мәртебе беріледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.