Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"СҚ-Фармация" қызметкерлері биыл 179 млн теңге сыйақы алады

Опубликовано:

Қаражат
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

ОКҚ өткен онлайн-брифингте "СҚ-Фармация" басшысы компанияның өткен жылдан бастап шығындарды оңтайландыруға тырысып жатқанын айтты. Мәселен, бүгінде ЖШС әкімшілік шығындарға 239 млн теңге жұмсайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Өткен жылы біз қайта ретке келтіру бағдарламасын бастадық және үнемі шығындарды оңтайландырамыз. Атап айтқанда, әкімшілік шығындар 239 млн теңге сомасына жетті. Байланыс қызметтерінің шығындары азайды, имидждік қызметтерді, жөндеу жұмыстарын толығымен алып тастадық, сот ісін жүргізу шығындары да оңтайландырылды", - дейді компания басшысы Ерхат Есқалиев.

Оның сөзінше, компанияда екі автокөлік пен екі жүргізуші бар. Есқалиев жаңа жылдан бастап жанар-жағармай мен қызметтердің бағасы өскенін, дегенмен компанияның осы пункт бойынша шығындары өзгеріссіз қалғанын айта кетті.

Биыл "СҚ-Фармация" қызметкерлері үшін 179 млн теңге сыйақы беруді жоспарлаған.

"Бұл сыйақылар тек қызметкерлер үшін - олардың осы жылға алатын жоспарлы сыйақылары. Басқарма мүшелері үшін емес. Оларға бонустық жүйе қарастырылған. Бірақ тергеу жүргізіліп жатқандықтан соңғы екі жылда бонустар төленбейді", - дейді Есқалиев.

Компания басшысы өткен жылы "СҚ-Фармация" аукционды автоматтау есебінен 32 млн теңгені үнемдегенін хабарлады.

Есқалиевтің сөзінше, компанияның фоты (жалақы қоры) өзгеріссіз қалған және көбейтілмейді. Осы ретте ол "СҚ-Фармацияға" жаңа өкілеттіктер берілгенін, ал дәрі-дәрмектер көлемі үнемі өсіп жатқанын айта кетті.

Еске сала кетсек, бұған дейін "СҚ-Фармация" басшысы Ерхат Есқалиев айлығының мөлшерін жария еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916125-sq-farmaciya-qyzmetkerleri-biyl-179-mln-tenge-syiaqy-alady/

pixel