Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Райымбек даңғылы жабылады

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматыда Райымбек даңғылының бір бөлігі уақытша жабылатын болды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Райымбек даңғылы бойындағы (Рысқұлов даңғылының бойы – Емцов көшесінен Тілендиев көшесіне дейін) жол жұмыстарына байланысты 4 маусым түнгі сағат 23:00-ден 5 маусым сағат 06:00-ге дейінгі аралықта жол ішінара жабық болады",- деп мәлім етті Алматы қалалық Мобильділік басқармасынан.

Басқарма келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды. Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес беріледі.

Айта кетейік, 2022 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағын қалпына келтіру үшін жөндеу жұмыстары жүргізілетінін жазған едік.

"Келесі жылы біз ұшу-қону жолағын жөндеу және қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз. Енді жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге келісімшарт жасасамыз. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу барысында жөндеудің өзіне, сондай-ақ жөндеудің уақыты мен көлеміне қарай талап етілетін сома нақтыланатын болады", - деді елордалық әуежайдың атқарушы директоры Дәулет Хамзин.

Оның айтуынша, әуежай тағы бір ұшу-қону жолағын салуды жоспарлап отыр. Алайда бұған айтарлықтай уақыт қажет.

"Бұл жоспарды іске асыру мүмкіндігі нарықтағы жағдайға тәуелді болып отыр, пандемиядан кейін нарық қаншалықты тез немесе баяу қалпына келетініне байланысты. Сондай-ақ, біздің әуежайды дамытудың бас жоспарында қарастырылған және қарастырылатын жобаларды іске асыруға да тікелей байланысты болып отыр", - деп түсіндірді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916129-almatyda-raiymbek-dangyly-zabylady/

pixel