Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан әуежайы жабылатын болды: Әуежайға жөндеу жұмыстары жүргізілмек

Опубликовано:

Әуежай
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

2022 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағын қалпына келтіру үшін жөндеу жұмыстары жүргізілмек деп хабарлайды zakon.kz.

"Келесі жылы біз ұшу-қону жолағын жөндеу және қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз. Енді жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге келісімшарт жасасамыз. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу барысында жөндеудің өзіне, сондай-ақ жөндеудің уақыты мен көлеміне қарай талап етілетін сома нақтыланатын болады", - деді елордалық әуежайдың атқарушы директоры Дәулет Хамзин.

Оның айтуынша, әуежай тағы бір ұшу-қону жолағын салуды жоспарлап отыр. Алайда бұған айтарлықтай уақыт қажет.

"Бұл жоспарды іске асыру мүмкіндігі нарықтағы жағдайға тәуелді болып отыр, пандемиядан кейін нарық қаншалықты тез немесе баяу қалпына келетініне байланысты. Сондай-ақ, біздің әуежайды дамытудың бас жоспарында қарастырылған және қарастырылатын жобаларды іске асыруға да тікелей байланысты болып отыр", - деп түсіндірді ол.

Тамила Языкованың материалынан аударылды.

Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтанда әуежай қызметкері соққыға жығылғаны көпшіліктің назарын аударған еді. Шабуылдаған азамат туысын қарсы алуға келіп, аэропорттағы дәрігерлердің талабын орындаудан бас тартқан екен. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Ануар Шалекенов хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1915842-nur-sultan-auezaiy-zabylatyn-boldy-auezaiga-zondeu-zumystary-zurgizilmek/

pixel