Шымкентте құмар ойындар желісін ұйымдастырушылар сотталды
Жарияланған күні:
Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті 10 заңсыз ойын мекемесінің қызметін тоқтатты. Заңсыз ойын бизнесін Шымкент қаласының төрт тұрғыны ұйымдастырған деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша мемлекет кірісіне 30-ға жуық бірлік ойын жабдығы берілді, 12 заңсыз ойын терминалы жойылды. Заңсыз схеманы ұйымдастырушылар сотталды. ҚР Қаржы мониторингі агенттігі заңсыз ойын бизнесін ҚР заңнамасында белгіленген орындардан тыс ұйымдастырғаны үшін ұйымдастырушылар үшін де, үй-жай иелері үшін де қылмыстық жауапкершілік көзделетінін ескертеді.
”Егер тұрғылықты мекенжайыңызда немесе уақытша болатын жеріңіздің жанында ойын аппараты немесе ойын мекемесі болса, бұл туралы агенттікке хабарлаңыз. Ол үшін әлеуметтік желілердегі агенттіктің ресми аккаунттарына жеке хабарламадағы фото мен мекенжайды жіберу керек немесе +7 (7172) 70-84-78 сенім телефондарына хабарласу жеткілікті. Facebook -https://www.facebook.com/afm.rk/, Instagram - https://www.instagram.com/afm_rk/ “,- деп толықтырды баспасөз қызметі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916178-symkentte-qumar-oiyndar-zelisin-uiymdastyrusylar-sottaldy/