jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Сыр бойылықтар 4 маусым- мемлекеттік рәміздер мерекесін кеңінен атап өтті

Сыр
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Бүгін, 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай Сыр бойындағы барлық мемлекеттік мекемелер мен ұжымдар жұмыс күнін Гимн айтудан бастады.

Ал негізгі шара, облыс орталығы - Қызылорда қаласында орналасқан Мемлекеттік рәміздер аллеясында «Рәміздер– елдігімнің, теңдігімнің айбары» тақырыбымен патриоттық акция ұйымдастырылды.

Сыр
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Тәуелсіздігіміздің тұмары, елдігіміздің айбары саналатын рәміздерімізді ұлықтауға арналған облыс басшылығы, аймақтағы зиялы қауым, ардагерлер, этномәдени бірлестіктер, азаматтық қоғам өкілдері, әскерилер мен жастар, жас бүлдіршіндер қатысты.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Салтанатты шара барысында хордың сүйемелдеуімен жанды дауыста Мемлекеттік Гимн шырқалып, жас өнерпаздар мен жергілікті әншілердің орындауында патриоттық әндерге ұласты.

Шара соңында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, 30 автокөліктің қатысуымен авто, велошеру қала көшелерімен жүріп өтті.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Жалпы, айтулы мереке күні өңірде түрлі бағыттағы шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында «көңілді автобус» тақырыбында жергілікті өнерпаздар қоғамдық көліктерде патриоттық әндер шырқаса, «Жастар орталығы ғимаратында» шығармашылық жастар кездесуі, сұхбаттар алаңы жұмыс жасады.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Өнер арбаты мен ірі сауда ойын-сауық орталықтарында өткен «Менің Қазақстаным» акциясы, «Домбыра думан», «Qosyl acoustic» патриоттық әндер кеші мерекенің маңызын аша түсті.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Бұл шаралардан бөлек, осы күні оқу орындары мен кітапханаларда, мәдениет ошақтарында, қала және аудандарды басқа да тақырыптық шаралар ұйымдастырылды.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Сыр бойылықтар 4 маусым- мемлекеттік рәміздер мерекесін кеңінен атап өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.