RU

Берік Уәли Тоқаевтың әкесі туралы кітапты көрсетті (фото)

Мемлекет басшысы11
Фото: Ақорда

Берік Уәли Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі туралы кітапты көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы мемлекет басшының баспасөз хатшысы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Бүгін балаларыма қажетті заттарын алуға кітап дүкеніне келген едім. Мұнда талай таптырмайтын қазынаға тап болдым. Соның бірі Мемлекет басшысының “Әке туралы ой толғау” кітабы. Ақтарып отырып кітаптың бұрынғыдан ерекше, заманауи технологиялық мүмкіндіктерді сәтті пайдалана отырып шығарылғанына қуандым.

Кітаптың бұл шығарылымында туындының екі тілдегі аудионұсқасы флеш-картаға жүктелген, мұқабасына қойылған QR таңба арқылы да тыңдауға болады. Оқырманға қолайлы болуы үшін флеш-картаның ішіне туындының PDF форматтағы электронды нұсқасы да бірге салынған екен. Қысқасы, кітаптың төрт нұсқасы бір жерге топтастырылыпты.

Көзі қарақты оқырман жақсы біледі. Бұл шығармада сонау жиырмасыншы ғасырдың басындағы бір әулеттің басына түскен қайғы-қасірет арқылы тұтас ұлтқа төнген нәубет анық суреттеледі. Ашаршылық жылдарындағы Тоқа әулеті көрген зобалаң — сол кездегі әр қазақ отбасының басынан өткен қасірет. Мемлекет басшысының ұлттың мұңы мен мұқтажын жақсы түсінетіні де содан болса керек.

Президенттің баспасөз хатшысы болғаннан кейін, көпшілік бізден “Әке туралы ой толғау” кітабын қалай табамыз, қайдан аламыз? — деп жиі сұрап жатады. Міне, “Әке туралы ой толғау” кітабын осы кітап дүкенінен таба аласыздар. “Жақсы кітап - жан азығы”. Бірге оқиық", - деді Берік Уәли.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916264-berik-uali-toqaevtyn-akesi-turaly-kitapty-korsetti-foto/