Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"140 балл": ҰБТ-дан барлық сұраққа дұрыс жауап берген түлек туралы не білеміз

Опубликовано:

Данияр Уәлиев
Данияр Уәлиев: жеке мұрағат

Еліміздегі ҰБТ-дан биылғы оқу жылында 140 балл жинаған алғашқы түлек анықталды. ҰБТ сұрақтарының барлығына дұрыс жауап берген түлектің есімі – Уәлиев Данияр Арманұлы. Ол Павлодар облысы әкімдігі мен білім басқармасының «Дарынды ер балаларға арналған «Білім инновация» лицей-интернатын» тәмәмдап отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аталған лицей-интернат директоры Рахим Уркимбаевтың хабарлауынша, биыл мектепті 50 оқушы аяқтайды. Солардың бірі Данияр Уәлиев өзінің білімділігімен, белсенділігімен және спортқа деген қызығушылығымен көзге түскен.

«Біздің лицейімізде тек қана ер балалар оқиды. Сондай-ақ, мектебіміз жаратылыстану пәндерін тереңдетіп оқуға арналған. Оқушылар бес пәнді, яғни, математика, физика, биология, химия және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқиды. Қазіргі таңда жалпы есебі 260 оқушы білім алуда. Ал биылғы түлектерге тоқталар болсам, олардың барлығы да республикалық олимпиадаларда, ірі білім жарыстарында көзге түсіп жүр. ҰБТ-дан 140 ұпай жинап, қуанышымызды еселеп отырған Данияр да өте білімді оқушылардың бірі. Ол жүзуден спорт шеберлігіне үміткер, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландинмен бірге дайындалған. Сондай-ақ, «Алтын белгіге» үміткер» , - дейді мектеп директоры.

«Білім инновация» лицейінің түлектері алғашқы екі тоқсанды қашықтан оқығын.

«Бірінші және екінші тоқсанды онлайн оқыса да, біз оқушыларды топтастырып, арасында мектепте дайындап жүрдік. Одан бөлек, қысқы демалыс кезінде оларды ҰБТ-ға мақсатты түрде дайындай бастадық. Қалған екі тоқсанды лицейге келіп оқыды. Мұғалімдер мен оқушылар бірігіп, мақсатты түрде жұмыс істеген соң, осындай жоғары нәтиже тіркеп отырмыз», - дейді Рахим Уркимбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916394-zuzuden-sport-seberi-ubt-dan-140-ball-zinagan-pavlodarlyq-tulek-turaly-ne-bilemiz/

pixel