Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ романдарын жатқа соғатын қарапайым малшы елді аузына қаратты (видео)

Жарияланған күні:

Табыс атай11
Кадр: Видеодан

Қытайда тұратын қандасымыз қазақ жазушыларының шығармаларын жатқа айтып, көпті таңғалдырып жүр. Қарапайым малшының есте сақтау қабілетіне ел қайран қалуда деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақын Дәурен Бақытқажы желіде тарап кеткен видеоны парақшасында бөлісті. Айтуынша, қазақ прозасын мүдірмей жатқа айтып жүрген - қарапайым малшы.

Қазақ жазушыларының шығармаларын жатқа айтқан адамды жергілікті жұрт "Радио Табыс" деп атап кеткен.

"Алтайдың арғы бетіндегі Көктоғай ауданы өңірінде тұратын, "Радио Табыс" атанған қарапайым малшы ағамыз ауылдағы тойда романдарды жатқа соғып отыр. Оралхан Бөкейдің, Бейімбет Майлиннің "Шұғаның белгісі" шығармасын жатқа оқитынын естіген едім. Ал мына кісінің романды жатқа оқығанын көзіммен көрдім... "Ел іші өнер кеніші" деген осы болса керек", - дейді ақын.

Дәурен Бақытқажы прозаны жаттап алып, көпті аузына қаратып жүрген қандасымызды жақын танымайтынын айтады. Ақынның сөзінше, ол видеода жазушы Мағаз Разданұлының "Соңғы ас" шығармасын жатқа айтып отыр.

"Радио Табыс" сол кісінің лақап аты болса керек. Ол кісінің шығарманы толық жаттап ала ма, әлде тек басы немесе соңынан үзінді жаттай ма, онысын білмеймін. Жалпы адамға прозаны жаттау оңай емес қой, поэзияға қарағанда. Сондықтан бұл кісінікі өнер десе болады", - дейді ақын.

Видеодан Табыс атаның мәнерлеп, айтқан әңгімесін тыңдап отырған той қонақтары оған "Өте тамаша", "Көріп отырғандай айтып отыр, ә" деп таңғалып, қол шапалақтар отырғанын көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916494-qazaq-romandaryn-zatqa-sogatyn-qarapaiym-malsy-eldi-auzyna-qaratty-video/