jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 700-ге дейін азайды

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 768 адам тіркелді. Олардың дені Қарағанды облысынан деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Aймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 73
  • Алматы қаласы - 125
  • Шымкент қаласы - 21
  • Ақмола облысы - 62
  • Алматы облысы - 59
  • Атырау облысы - 29
  • Шығыс Қазақстан облысы - 70
  • Жамбыл облысы - 16
  • Батыс Қазақстан облысы - 39
  • Қарағанды облысы - 149
  • Қостанай облысы - 36
  • Қызылорда облысы - 8
  • Маңғыстау облысы - 9
  • Павлодар облысы - 51
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 13
  • Түркістан облысы - 8.

Жалпы елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 395 832-ге жетіп отыр.

Одан бөлек, өткен тәулікте 1739 адам індеттен жазылған.

Айта кетейік, 7 маусымдағы жағдай бойынша қазір коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы қалды.

"Сары" аймақта Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары тұр.

Ал Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары "жасыл" аймақта.

Сонымен қатар, енді коронавирусқа қарсы вакцина алған азаматтар Ashyq қосымшасында "жасыл" мәртебеге ие болмақ.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, ол Ashyq функциясы деп аталады. Себебі ол бірнеше қосымшаларда қолжетімді болмақ.

Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 700-ге дейін азайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.