jitsu gif

"Балқадиша" әнін домбырамен шебер орындаған орыс жігіт жұрттың алғысына бөленді

Алексей
Кадр: Instagram / qazaqpyz_goi

"Балқадиша" әнін шебер орындаған орыс жігіт желіде танымал болуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Әлеуметтік желіде дауысы ерекше жас жігіт көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленуде.

Желі қолданушылары одан қазақтың әнші-композиторы Ақан серінің туындысы - "Балқадиша" әнін орындауын сұрайды. Ол бұл өтінішті жерде қалдырмай, әнді көпшілік назарына ұсынып, жұрттың мақтауына ие болды.

"Жарайсың. Өнерде ұлт болмайды, тек қана талант бағаланады", "Рақмет, Алла разы болсын", "Жарайсың", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Алексей Лодочников есімімен Instagram желісіне тіркелген азамат өзін актер, әнші әрі SMM маман ретінде таныстырады.

Жігіттің парақшасына бүгінде 41 мыңнан астам адам жазылып үлгерген.

Еске салсақ, бұған дейін желіде баласының тұсауын кестірген орыс ұлты өкілдерінің видеосы тарағанын жазған едік.

Видеодан сәбиді ақ матаның үстімен жүргізіп, қайшымен тұсауын кескен орыс ұлтының азаматын анық көруге болады. Желі қолданушылары өзге ұлттың қазақы дәстүрді сақтап, тұсаукесер рәсімін жасатқанына сүйсінген.

Бір қызығы, видеодағы ерлі-зайыптылар сәбидің тұсауын ала жіппен кесіп қана қоймай, оның алдына дәстүрге сай, кітап, ақша және т.б. қажетті заттарды қойған. Сәби көліктің кілтін таңдайды.

Тұсаукесер рәсіміне қатысқан туыстары болса, баланың көлігі көп болады деп, оны жақсы ырымға балаған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.