Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қауіпті вирус: Қазақстанда қай қалалар "қызыл" аймақта

Опубликовано:

карантин
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, Қарағанды облысы "қызыл" аймақтан шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

9 маусымдағы жағдай бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы тұр.

"Сары" аймақта Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары орналасқан.

Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары "жасыл" аймақта.

Айта кетейік, елде өткен тәулікте 1000 адамнан коронавирус анықталды.

Жалпы Қазақстан бойынша қауіртті дерттепн ауырғандар саны 396 832-ке жетті.

Сонымен қатар, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирусты жұқтыру көрсеткіші 20 пайызға төмендегенін мәлімдеп, Қазақстан коронавирус дертінің таралуы және дерттен көз жұмғандардың саны бойынша әлемдік рейтинге нешінші орында тұрғанын айтып бергенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916758-koronavirus-qaragandy-oblysy-qyzyl-aimaqtan-syqty/

pixel