Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елорда мектебінде көзі күйген оқушының анасы: Балам мазасызданып, ұйықтай алмады (видео)

Опубликовано:

Оқушы
Көрнекі сурет: pixabay.com

Нұр-Сұлтан мектептерінің бірінде оқушылар емтиханнан соң, ауруханадан бір-ақ шықты. Сынақ барысында мұғалім кварц шамын сөндіруді ұмытып, үміткерлер бір жарым сағат бойы ультракүлгін сәуленің астында отырыпты. Зардап шеккен оқушалырдың бірінің анасы болған жайтты есіне алды деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

Жағымсыз жағдай қаладағы ең белді оқу орындарының бірінде болған екен.

"Біз әуелі қызымызға не болғанын түсінбедік. Кейін балам мазасызданып, ұйықтай алмаған соң, түнгі он екіде жедел-жәрдем шақыртып, ауруханаға бардық. Жеткеніміз сол еді, өзге балалардың ата-аналары ортақ чатқа жазып, шағымдарын айта бастады", - дейді зардап шеккен баланың анасы.

Белгілі болғандай, мемлекеттік емтихан барысында мұғалім сыныптағы кварц шамын сөндіруді ұмытып, балалар 1,5 сағат бойы ультракүлкін сәуленің астында отырыпты. Салдарынан төрт оқушының көзін күйік шалып, қазір тиісті емін қабылдап жатыр.

"Үшеуі 2004 жылғы, бір оқушы 2005 жылғы. Төртеуі де қаладағы №2 көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Барлық медициналық тексеруден өтіп, медициналық мамандардың бақылауында болды. Былай айтарлықтай балалардың өміріне қазір ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ", - дейді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардаққызы.

Сыныптағы 15 баланың тек төреуі ғана зардап шеккен. Олар амбулаториялық ем қабылдауға үйлеріне қайтарылды. Дегенмен кварцтан көзі күйген адамның кейін көру қабілеті нашарлауы мүмкін деген сыбыс ата-ананың үрейін туғызып отыр. Жауаптылар бұл күдікті жоққа шығармады. Дегенмен, тиісті нұсқаулықты ұстанған жағдайда, қауіптің бетін алуға болады, дейді.

"Қазір балалар компьютер алдында көп отырмауы тиіс, қатты жарықтанған жерлерге шықпауы тиіс. Көздеріне бұл кішкене ыңғайсыздық туғызуы мүмкін", - дейді Әйгерім Ардаққызы.

Кварц шамы ауадағы вирустарды өлтіру үшін әсіресе пандемия уақытында кеңінен пайдаланып жүр. Кварц тек жарты сағатқа қосылуы тиіс екен.

"Былтыр пандемия басталғанлы бері кварц лампасынан күю менің практикамда өте жиі кездесіп тұрады. Кварц лампасымен тек үй жағдайында ғана емес, балабақшада, санаторий немесе офис қызметкерлерінің арасында жиі кездесіп жатады", - дейді офтальмолог Әсел Мырзағалиқызы.

Бүгінде көзін күйік шалған балалардың еміне қажетті қаражатты мектеп басшылығы өз мойнына алатынын айтты. Білім ордасында қызметтік тексеріс басталыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916796-elorda-mektebinde-kozi-kuigen-oqusynyn-anasy-balam-mazasyzdanyp-uiyqtai-almady-video/

pixel