Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көңілдесінің жұбайы мен анасынан қашқан: Алматы облысында әйел біреудің көлігін ұрлап кетті

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында көңілдесінің әйелі мен анасынан қашпақ болған келіншек бәзбіреудің көлігін ұрлап кетіп, жол апатына түсті деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, Қапшағай ауданы полиция бөліміне Ащыбұлақ ауылының 27 жастағы тұрғыны Кia Rio көлігінің ұрланғанын айтып, шағымданған.

Ол өз көлігін танысына сақтандыру бойынша басқару құқығымен берген. Ал ол көлікті Қапшағай қаласының маңындағы Ақөзек ауылына қалдырып кеткен.

Тергеу барысында тәртіп сақшылары көлікті Қапшағайдың 32 жастағы тұрғыны ұрлағанын анықтаған. Келіншек Ақөзектегі жеке үйлердің бірінде көңілдесімен уақыт өткізіп жатқан. Спирттік ішімдік ішіп отырған кезде үйге ер адамның анасы мен әйелі келіп, келіншекті ұра бастаған.

Қорыққан әйел көшеге жүгіріп шығып, оталып тұрған көлікке отырып, кетіп қалған. Алайда ол арыққа түсіп кетіп, көлікті соққан. Сондай-ақ, өзі де дене жарақаттарын алған.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Сонымен қатар, күдікті көлікті мас күйде айдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Одан бөлек, келіншек бүлінген көлікті қайта қалпына келтіруі керек.

Еске сала кетсек, бұған дейін елордада көлігін өзге біреуге сатып, оны жаңа иесінен қайтадан ұрлап кеткен ер адамның қылмысы әшкере болған еді.

Белгілі болғандай көлікті сатқаннан кейін ер адам тағы бір кілтті өзіне алып қалған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916906-konildesinin-zubaiy-men-anasynan-qasqan-almaty-oblysynda-aiel-bireudin-koligin-urlap-ketti/

pixel