Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады

Жарияланған күні:

Елорда
Фото: astana.gov.kz

Шілде айында қазақстандықтарды екі мереке мен екі мерекелік демалыс күтіп тұр. Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар келесі айда 11 күн, ал алты күн еңбек ететіндер, сәйкесінше 6 күн демалады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі электрондық үкімет порталына сілтеме жасап.

6 шілде күні қазақстандықтар астана күнін тойлайды. Мерекелік демалыс күні сейсенбіге түседі. Осы ретте аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар үш күн қатарынан - 4, 5 және 6 шілде күндері демалады. Алайда 3 шілде, сенбі жұмыс күні болады.

Ал аптасына 6 күн жұмыс істейтіндер 4 және 6 шілдеде демалады.

Сондай-ақ, биыл Құрбан айт мерекесі 20-22 шілде аралығында түсіп тұр. Дегенмен мейрамның алғашқы күні, яғни 20 шілде күні ғана демалыс болады.

Скриншот
Скриншот: egov.kz

Еске сала кетсек, бұған дейін ел тұрғындары маусым айында неше күн демалатынын жазған едік.

Жаздың алғашқы айында демелыс берілетін мереке жоқ. Сондықтан аптасына бес күн жұмыс істейтін ел тұрғындары маусымда 8 күн демалады. Яғни, сенбі, жексенбіге түсетін 5, 6, 12, 13, 19, 20, 26, 27-сі күндері. Негізінде маусымда атаулы күндер жоқ емес:

  • 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні;
  • 6 маусым – қаржы полициясы күні;
  • 20 маусым – медицина қызметкерлері күні;
  • 28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні.

Одан бөлек, жаздың екінші айында көптеген маңызды күн және халықаралық мерекелер бар:

  • 1 маусым – Балаларды қорғау күні;
  • 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні;
  • 26 маусым – есірткіні теріс пайдалану мен олардың заңсыз айналымына қарсы халықаралық күрес күні.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916912-qazaqstandyqtar-silde-aiynda-qansa-kun-demalady/