Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында біреудің көлігінің үстіне шығып билеген жігіттің үстінен іс қозғалды

Опубликовано:

Көлік
Фото: instagram.com/aqmola_pd

Ақмола облысында 72 жастағы ер адамға тиесілі көліктің төбесіне шығып билеген тұрғынның басы дауға қалды. Оның үстінен бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды өңірлік полиция департаменті Instagram парақшасында.

Бұзақылық жасаған Степнагорск қаласының 27 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан. Полицияның дерегінше, ол бұрын Қылмыстық кодекстің 296-бабы бойынша сотты болған.

Оның "Газ-3110" маркалы автокөлігіне келтірілген шығын сомасын 72 жастағы жәбірленуші 200 000 теңгеге бағалаған.

"Криминалдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері оның сол кеште көптеген көрермені болғанын анықтады, олар кейінірек куә ретінде жауап берді", - дейді полиция.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу бөлімі Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 1-бөлігімен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысында көңілдесінің әйелі мен анасынан қашпақ болған келіншек бәзбіреудің көлігін ұрлап кетіп, жол апатына түскенін жазған едік.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Қапшағай қаласының маңындағы Ақөзек ауылында болған.

Келіншек Ақөзектегі жеке үйлердің бірінде көңілдесімен уақыт өткізіп жатқан. Спирттік ішімдік отырған кезде үйге ер адамның анасы мен әйелі келіп, келіншекті ұра бастаған.

Қос әйелден қашпақ болған ол оталып тұрған бөтен адамның көлігін мініп кеткен.

Одан бөлек, елордада көлігін өзге біреуге сатып, оны жаңа иесінен қайтадан ұрлап кеткен ер адамның қылмысы әшкере болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1916918-aqmola-oblysynda-bireudin-koliginin-ustine-sygyp-bilegen-zigittin-ustinen-is-qozgaldy/

pixel