Жаңбыр, бұршақ, шаңды дауыл: Синоптиктер бүгінгі күнге ауа райы болжамын ұсынды
Жарияланған күні:
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 11 маусымда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын назарға ұсынды.
Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, еліміздің оңтүстік-шығысында, таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады.
Республиканың кей жерлерінде дауыл, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі, солтүстікте түнде және таңертең тұман болады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, дауыл, бұршақ күтіледі, желдің күші 15-20 м/с болып, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болып, желдің күшеюі 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с болады деп күтіледі. Таулы аудандарда дауыл болады.
Алматы облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіліп, найзағай кезінде жел 15-20 м/с дейін жетеді, ал екпіні 25 м/с дейін күшейеді. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұршақ күтіліп, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл болады.
Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с болып, күндіз екпіні 25 м/с дейін күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады.
Ақтөбе, түнде Маңғыстау, күндіз Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Алматы, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917146-zanbyr-bursaq-sandy-dauyl-sinoptikter-bugingi-kunge-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/