Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырды

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Сенбі күні елімізде коронавирус жұқтырғандарға қатысты ресми мәліметтерді Coronavirus2020.kz Telegram-каналы жария етті.

Қазақстанда өткен тәулікте 1058 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды.

Аймақтар бойынша дертті жұқтырғандардың саны келесідегідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 257

Алматы қаласы - 111

Шымкент қаласы - 30

Ақмола облысы - 45

Ақтөбе облысы - 17

Алматы облысы - 46

Атырау облысы - 48

Шығыс Қазақстан облысы - 87

Жамбыл облысы - 20

Батыс Қазақстан облысы - 82

Қарағанды облысы - 171

Қостанай облысы - 34

Қызылорда облысы - 11

Маңғыстау облысы - 25

Павлодар облысы - 44

Солтүстік Қазақстан облысы - 16

Түркістан облысы - 14

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 401272 адамды құрап отыр.

Еске салсақ, Алматы шамамен жарты жылдан кейін "жасыл" аймаққа оралғаны хабарланған еді. Оңтүстік астана 31 қаңтардан бастап алғаш рет "жасыл" аймаққа оралды. Ал қаңтар айынан маусымға дейін қала бірде "қызыл", бірде "сары" аймақта болды.

Одан бөлек, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте жаңа оқу жылында оқушылар дәстүрлі оқыту форматына қайта оралуы мүмкін екенін айтқан болатын. Себебі, қазір елде вакцинация қарқыны артып, коронавирус жұқтыру деңгейі төмендеп келеді.

Осы ретте министр жалпы вакцинация қарқыны мен ауру жұқтыру деңгейінің төмендеуі оқу жылының басталуына оптимистік көзқараспен қарауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917392-elimizde-otken-taulikte-qansa-adam-koronavirus-zuqtyrdy/

pixel