RU

COVID-19: Алматы шамамен жарты жылдан кейін "жасыл" аймаққа оралды

Алматы
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы коронавирус инфекциясының таралу деңгейіне байланысты "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа көшті.

Эпидемиологиялық жағдайдың жаңартылған матрицасы "COVID-19 тарауына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия" Telegram арнасында жарияланды.

Алматы коронавирус тарауына байланысты 31 қаңтардан бастап алғаш рет "жасыл" аймаққа оралды. Ал қаңтар айынан маусымға дейін қала бірде "қызыл", бірде "сары" аймақта болды.

Жалпы 12 маусым күні Қазақстандағы коронавирус жағдайы мынадай:

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы

"Сары" аймақта: Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан және Қарағанды облысы

"Жасыл" аймақта: Алматы, Шымкент, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Павлодар облысы және Солтүстік Қазақстан облысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917345-covid-19-almaty-samamen-zarty-zyldan-keiin-zasyl-aimaqqa-oraldy/