Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны жария болды

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі сурет: pixabay.com

Елімізде өткен тәулікте қанша адам коронавирус дертінен жазылып шыққанын coronavirus2020.kz сайты жазды.

Қазақстанда өткен тәулікте 1374 адам коронавирус дертінен емделіп шыққан.

Аймақтар бойынша жазылғандардың саны келесідегідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 348,

Алматы қаласы - 230,

Шымкент қаласы - 161,

Ақмола облысы - 44,

Ақтөбе облысы - 3,

Алматы облысы - 43,

Атырау облысы - 134,

Шығыс Қазақстан облысы - 62,

Батыс Қазақстан облысы - 31,

Қарағанды облысы - 180,

Қостанай облысы - 9,

Қызылорда облысы - 12,

Маңғыстау облысы - 26,

Павлодар облысы - 23,

Солтүстік Қазақстан облысы - 54,

Түркістан облысы - 14.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны 376831 адамға жетіп отыр.

Еске салсақ, Алматы шамамен жарты жылдан кейін "жасыл" аймаққа оралғаны хабарланған еді. Оңтүстік астана 31 қаңтардан бастап алғаш рет "жасыл" аймаққа оралды. Ал қаңтар айынан маусымға дейін қала бірде "қызыл", бірде "сары" аймақта болды.

Одан бөлек, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте жаңа оқу жылында оқушылар дәстүрлі оқыту форматына қайта оралуы мүмкін екенін айтқан болатын. Себебі, қазір елде вакцинация қарқыны артып, коронавирус жұқтыру деңгейі төмендеп келеді.

Осы ретте министр жалпы вакцинация қарқыны мен ауру жұқтыру деңгейінің төмендеуі оқу жылының басталуына оптимистік көзқараспен қарауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917396-qazaqstanda-koronavirustan-zazylgandar-sany-zariya-boldy/

pixel