Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнің әкесі қайтыс болды

Опубликовано:

Ұзақпай Мамин
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Қазақстан премьер-министрінің әкесі Ұзақбай Мамин қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұзақбай Жапарұлы 2021 жылы 13 маусымда қайтыс болды.

Ұзақбай Мамин - еңбек ардагері, Қазақстанның құрметті құрылысшысы, Ақмола облысының құрметті азаматы. Ол 1937 жылы 1 наурызда Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Благодатное ауылында дүниеге келген.

Асқар Маминнің әкесі құрылыс саласында шебер болудан бастап "Целиноградэлеватормельстрой", "Целинсантехмонтаж" трестері, Целиноград облысының агроөнеркәсіптік комитетінің құрылыс кешені сияқты бірқатар құрылыс ұйымдарының басшысына дейінгі ұзақ еңбек жолынан өтті.

Ерен еңбегі мен жұмыстағы жетістіктері үшін Халықтар достығы және "Құрмет" ордендерімен марапатталған. Кейінгі жылдары Нұр-Сұлтан қаласының ардагерлер кеңесінде белсенді еңбек етті.

Еске салсақ, бүгін әйгілі спортшы Денис Теннің туған күні екенін жазған едік. Даңқты қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы көзі тірі болғанда 28 жасқа толар еді.

Әлеуметтік желі қолданушылары еліміздің дарынды мәнерлеп сырғанаушысы, Олимпиада жүлдегері, Азия чемпионын еске алуда. Олардың арасында әнші Димаш Құдайберген де бар.

Денис Тен - мәнерлеп сырғанаудан 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс медаль жүлдегері, Азия чемпионы, Қазақстанның үш дүркін жеңімпазы және Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917423-qazaqstan-premer-ministri-asqar-maminnin-akesi-qaitys-boldy/

pixel