RU

Шымкентте 30 жастағы әйел екі жасар баланы алып, үйден кетіп қалған

Бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкенттің полицейлері 30 жастағы әйел мен 2 жасар ер баланы іздеп жатыр. Бұл туралы қалаллық полиция департаментінің Instagram парақшасында хабарланды.

13 маусым күні Қаратау аудандық полиция бөліміне 59 жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Ол сағат 18:00 шамасында 30 жастағы қызы Айжан Зилаева мен 2 жасар немересінің үйден шығып, белгісіз бағытта кетіп қалғанын айтқан.

Әйелдің 2 топтағы мүгедек екенін атап өтілді. Келіншек психоневрологиялық диспансерде есепте тұрады. Бұған дейін ол үйден бірнеше мәрте кетіп қалып, қайта келген екен.

Жоғалғандарды іздеуге Шымкент қаласы полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылған. Іздеу жұмыстары жалғасуда. Олардың фотосы әлеуметтік желілерде жарияланған.

Тәртіп сақшылары Шымкент тұрғыны мен бүлдіршіннің қайда екенін білетіндерден 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысында егістік алқабына жұмысқа кеткен қыз бала із-түзсіз жоғалып кеткенін жазған едік.

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, 20 жастағы қызы таңғы уақытта егістік алқабына жұмыс істеуге кетіп, 2 күннен бері табылмай жатқанын жеткізген.

Оның сөзінше, қызының ұялы телефоны өшірулі.

Аталған жайтты тіркеуге алған жетісайлық полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалған қыз ауылдағы табысын азсынып, Алматы қаласына жұмысқа кеткенін анықтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917557-symkentte-30-zastagy-aiel-eki-zasar-balany-alyp-uiden-ketip-qalgan/