Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында егістік алқабына жұмысқа кеткен қыз бала із-түзсіз жоғалып кетті

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Түркістан облысында жоғалған бойжеткен бірнеше күннен кейін Алматы қаласынан табылды деп хабарлайды Қазақпарат.

Басылым мәліметінше, Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, 20 жастағы қызы таңғы уақытта егістік алқабына жұмыс істеуге кетіп, 2 күннен бері табылмай жатқанын жеткізген.

Оның сөзінше, қызының ұялы телефоны өшірулі.

Аталған жайтты тіркеуге алған жетісайлық полиция қызметкерлері бірден жедел әрекетке кіріскен.

"Көрген-білгендерден жауап алып, қыздың суретін көрсетіп, жақын аймақтағы тәртіп сақшыларына да бағытнама берілді. Қыздың достары мен баруы мүмкін жерлер тыңғылықты тексерілді. Полиция қызметкерлерінің күні-түні үзіліссіз жұмысының нәтижесінде қыз Алматы қаласынан табылды. Полицейлер жас қызды отбасына дін-аман қайтарды" - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Белгілі болғандай, із-түзсіз жоғалған қыз ауылдағы табысын азсынып, Алматы қаласына жұмысқа кеткен.

Онда бойжеткен жалдамалы пәтерге орналасып, қаладағы дәмханалардың біріне жұмысқа тұрған.

Ата-анасы өзге қалаға кетуге рұқсат бермейтінін білген бойжеткен оларға хабарын айтпапты.

Қызының аман есен балығанына қуанған анасы құқық қорғау саласының мамандарына алғысын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917219-turkistan-oblysynda-egistik-alqabyna-zumysqa-ketken-qyz-bala-iz-tuzsiz-zogalyp-ketti/

pixel