jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Нұр-Сұлтанда «Мерейлі отбасы» байқауына өтінім қабылдау жалғасуда

Мерейлі отбасы
Иллюстрация: Акимат г. Нур-Султан

Елордада «Мерейлі отбасы-2021» ұлттық байқауының қалалық кезеңіне қабылдау жалғасуда, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінім қабылдау 15 мамырда басталып, 15 маусымда аяқталады. Өтінім беріп үлгеріңіз!

Конкурстың негізгі мақсаты – отбасы институтын, адамгершілікті, некенің маңыздылығын насихаттау, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылығын, кәмелетке толған балаларға және қарт ата-аналарға қамқорлық көрсетуді насихаттау, қазақ отбасының оң имиджін нығайту.

Конкурсқа өздігімен өтініш беру арқылы қатысуға болады, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар, заңды тұлғалар ұсынған отбасылар қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, конкурсқа қатысу үшін өтінімдер PDF форматында мына электронды пошта арқылы қабылданады: mereiliotbasy2021@mail.kz.

Қатысу шарттары туралы толық ақпаратты келесі телефон нөмір арқылы біле аласыз: +7 (777) 010 40 42, +7 (7172) 55 67 08.

Мына https://astana.gov.kz/kz/news/informaciya/27380 сілтемеде толық мәлімет көрсетілген.

Нұр-Сұлтанда «Мерейлі отбасы» байқауына өтінім қабылдау жалғасуда

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram