Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан тауларында жоғалған жігіттің денесі табылды: Құтқарушылар тың ақпарат жария етті

Опубликовано:

Тау
Фото: Түркістан облысының полиция департаменті

Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен туристердің бірінің денесін 12 маусым күні сағат 16.20-да Республикалық жедел құтқару жасағының қызметкерлері Өгем өзенінің ортасынан тапты. Марқұмның денесі тастың астында қалып қойған деп хабарлайды Отырар арнасы.

Түркістан облыстық төтенше жағдайдар департаменті басшысының орынбасары Ерік Сарыбаев туристің денесі табылған жерге тікұшақ ұшып бара алмағанын жеткізді. Сол себепті құтқарушылар арқанмен өзен үстінде өткел жасақтап, мәйітті жағаға алып шыққан.

Зембілмен марқұмның денесін тегіс жерге жеткізіп, 30 метр биіктікте тұрған тікұшақтағылар ауыр жүк көтеретін тетіктің көмегімен оның мәйітін бортқа көтерген.   

Еске салайық, Төле би ауданының Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 адамның жоғалғаны туралы хабарлама 25 мамырда түскен болатын.

Оның үшеуі аман-есен табылып, үйлеріне қайтарылды.

Ал, 29 мамыр күні сағат 00:30-да үздіксіз іздестіру жұмыстарының барысында Өгем өзенінен бір адамның жансыз денесі табылды. Ол 1999 жылы туған тауда жоғалып кеткен туристер тобының бірі екені анықталды. Екінші жігіттің денесі Өгем өзенінен 3 шақырым жерден табылған.

Сонымен қатар, жақында Түркістан облысының Сайрам-Өгем шатқалынан тағы бір адамның денесі табылды.

12 маусым күні табылған мәйіттің тұлғасы сараптама нәтижесінен кейін ғана белгілі болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917609-turkistan-taularynda-zogalgan-zigittin-denesi-tabyldy-qutqarusylar-tyn-aqparat-zariya-etti/

pixel