Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 1 068-ге дейін өсті

Опубликовано:

бетперде56
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елімізде COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК коронавирусқа қатысты соңғы деректерді жариялады. Оған сәйкес, өткен тәулікте елімізде індет жұқтырған 1 068 адам тіркелген.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 294
  • Алматы қаласында - 112
  • Шымкент қаласында – 50
  • Ақмола облысында – 32
  • Ақтөбе облысында - 22
  • Алматы облысында - 3
  • Атырау облысында - 52
  • Шығыс Қазақстан облысында - 76
  • Жамбыл облысында - 14
  • Батыс Қазақстан облысында - 89
  • Қарағанды облысында - 160
  • Қостанай облысында - 32
  • Қызылорда облысында - 7
  • Маңғыстау облысында - 21
  • Павлодар облысында - 43
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 14
  • Түркістан облысында - 19.

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 404 064 жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте індеттен 1267 адам жазылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов Қазақстан халқына үндеу жасап, әлем елдерін індеттің қайта таралуы алаңдатып отырғанын айтқан еді.

Оның сөзінше, әсіресе Қазақстанмен шекаралас аймақтарда қалыптасқан жағдай алаңдатып отыр. Ресей мен Қырғызстанда аурудың таралу көрсеткіші өткен жылдан да жоғары.

Осы орайда Ерлан Қиясов шетелде демалуға ниетті азаматтарды өзінің және жақындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды.

"Қазақстанның қазіргі эпидемиологиялық ахуалы тұрақты, тұрғындар арасында вирус жұқтыру төмендеген. Алайда, жаз айларында біздің көптеген отандасымыз алыс-жақындағы шет мемлекеттерге барып демалуға ағылады. Соның ішінде, СOVID-19-дың таралуы бойынша эпидемиологиялық ахаулы алаңдатарлық елдер де бар. Мұны ескермеуге болмайды", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917861-qazaqstanda-koronavirus-zuqtyrgandardyn-zalpy-sany-400-mynnan-asty/

pixel