Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығады": Түркістанда былапыт сөз айтқан мектеп директорының орынбасары ұятқа қалды

Жарияланған күні:

Ұлжан Елмұратова
Ұлжан Елмұратова: Facebook

Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы мектеп директоры орынбасарының бейәдеп сөзді қарша боратып тұрған сәті әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Танымал журналист, қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы өзінің Facebook парақшасында Бадам ауылындағы А.Шерімқұлов мектебінің директор орынбасарының былапыт сөздер айтып тұрған сәтінің видеосын жариялады.

Видеодан оқиға көшеде орын алғанын байқауға болады. Келіншек әлдекім жігітке боқ ауыз сөзді қарша боратып, өзінің "Бадам тұрғыны" екенін айтады. Сонымен қатар, жігітке қол көтереді.. Видеосы тым қысқа болғандықтан, оқиғаның мән-жайын түсіну мүмкін емес.

"Мынау не сұмдық??? (Бұндай аудио, видеолары жетеді!.. Ауылдастары әбден зәрезап боп бітіпті..)

Сіздер осындай аузы боққа толған педагогсымаққа "Үздік ұстаз" деп Грамота беріп марапаттасаңыздар, онда нағыз Үздік Ұстаздарға Алтын медаль беруге міндеттісіздер!!! Нағыз Үздік Ұстаздардың аты-жөндерін білмесеңдер, айтыңдар, халық біледі.

Әлде сіздерде Алғыс хат, Грамоталар сатыла ма? Кеше ғана ауылда тойда отырғанымда бір бөлме толы ауыл адамдары "Түркістан облысында мектепке еден жуушы боп жұмысқа кіру үшін 500 мың тг, ал мұғалім боп кіру үшін 1,5-2 млн тг пара беруің керек" дегенді бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай қайталады. Және олар бір ауылдан яки бір ауданнан емес, әртүрлі аудандардан кеп отырған қонақтар еді... Демек, облыстағы білім саласы әбден былыққа батқан деген сөз!" деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы Facebook парақшасында.

Түркістан облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасы (бұрынғы Білім басқармасы) өңірдегі білім сапасын бақылау департаменті зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын жеткізді.

Сонымен қатар, директор орынбасары оқыған оқу орнына дипломын растау туралы, ал аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне еңбек өтілі бойынша сұраныстар жолданыпты.

"Алынған мәліметтер бойынша орта білім беру ұйымы басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына қойылатын біліктілік талаптары бойынша бұзушылықтар анықталды.

Қазіргі таңда А.Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектебі директорының орынбасары кезекті еңбек демалысында болуына байланысты оған қатысты қолданылған шара туралы ақпарат демалысы біткеннен кейін тиісті қосымша хабарланатын болады" деп мәлімдеді басқармадағылар.

Ескерту: Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1917947-auzynan-aq-it-kirip-kok-it-sygady-turkistanda-bylapyt-soz-aitqan-mektep-direktorynyn-orynbasary-uyatqa-qaldy/