Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өте көп мутациясы болады": Цой коронавирус туралы тың мәлімет айтты

Жарияланған күні:

Фото
Алексей Цой, фото: 24kz

Денсаулық сақтау министрі орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Қазақстанда коронавирустың үнді штамы анықталмағанын жеткізді. Одан бөлек, Алексей Цой алдағы уақытта коронавирустың көптеген мутациясы болатындығын, сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі кез-келген штаммдарға төтеп беруге дайындалып жатқанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Денсаулық сақтау министрі қазіргі уақытта сараптамаларды соңғы секвестрлеу барысында Қазақстаннан үнді штамы анықталмағанын жеткізді.

Оның сөзінше, еліміздің денсаулық сақтау жүйесі түрлі сценарийлерге дайындалған.

Сонымен қатар, Алексей Цой министрлік өзге елдердегі қазіргі ахуалға мониторинг жасайтынын еске салды.

"Қазір өте көп мутация болады. Оны өздеріңіз де таяу уақытта түрлі штаммдар пайда болған кезде көресіздер. Өзге вирустар сияқты және мұнан жалтара алмаймыз. Сол себепті дайын болуымыз қажет. Денсаулық сақтау жүйесі кез келген қатерге төтеп беру үшін бейімделіп жатыр", - деді ол.

Айта кетейік, елімізде COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК коронавирусқа қатысты соңғы деректерді жариялады. Оған сәйкес, өткен тәулікте елімізде індет жұқтырған 1 068 адам тіркелген.

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 404 064 жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте індеттен 1267 адам жазылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов Қазақстан халқына үндеу жасап, әлем елдерін індеттің қайта таралуы алаңдатып отырғанын айтқан еді.

Оның сөзінше, әсіресе Қазақстанмен шекаралас аймақтарда қалыптасқан жағдай алаңдатып отыр.

Ресей мен Қырғызстанда аурудың таралу көрсеткіші өткен жылдан да жоғары. Осы орайда Ерлан Қиясов шетелде демалуға ниетті азаматтарды өзінің және жақындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918004-ote-kop-mutaciyasy-bolady-coi-koronavirus-turaly-tyn-malimet-aitty/