Павлодар облысының әкімі Скриптониттің сынына жауап берді
Жарияланған күні:
Павлодар облысында туып-өскен әйгілі орындаушы Скриптонит кальцийленген сода зауыты, сондай-ақ радиоактивті қалдықтар қоймасы құрылысына қатысты өз ұстанымын білдірді. Музыкант Instagram парақшасында жазба жариялау арқылы кәсіпорындардың құрылысын тоқтатуды талап етті. Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов Скриптониттің бұл жазбасына жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Әділ Жәлелов (Скриптонит) Instagram-да өз ұстанымын білдіріп, кәсіпорындардың құрылысына қатысты жазба жариялаған еді.
"Павлодарда зауыт салуды доғарыңдар", - деп жазды музыкант.
Осы орайда Павлодар облысының әкімі Орталық коммуникация қызметінде журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, кальцийленген сода зауыты туралы шешім 2019 жылы қабылданғанын алға тартты. Қуаттылығы жылына 200 мың тоннаны құрайтын кәсіпорынға 73 миллиард теңге инвестициялау жоспарланып отыр. Үшінші қоғамдық тыңдау да өткізіліп қойған.
Әкім қалдықтар қоймасы туралы айтуға әлі ерте екеніне баса назар аударды. Ол әңгіме қойманың Павлодар облысының аумағында орналастырылуы төңірегінде емес, тек оған әсер етуі мүмкін жерлерге қатысты болып отырғанын айтуда.
"Қоймаға келетін болсақ, бұл біздің облыстың аумағына қатысты мәселе емес. Кальцийленген сода шығаратын зауытқа келетін болсақ, егер барлық процедуралар сақталып, экологиялық тазалығы расталса, жобаны жүзеге асыруға болады. Бұл менің ұстанымым", - деді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысындағы Степногорск қаласының тұрғындары атақты жерлесі Нұрлан Сабуровқа жүгінген болатын. Олар өнеркәсіптік қалдықтарды шығаратын зауыт салуға қарсылық білдіруде. Жергілікті әкімдік көп ұзамай бұл жобадан бас тартылды деген жауап қайтарған.
Сабуров қала тұрғындарының үндеуін қабылдап, оларға қолдау білдіреді. Осыдан кейін қоғам қала әкімі қызметіне Нұрлан Сабуровтың кандидатурасын ұсынды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918213-pavlodar-oblysynyn-akimi-skriptonittin-synyna-zauap-berdi/