Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда карантин жеңілдейді: Бекшиннің жаңа қаулысы шықты

Жарияланған күні:

Көшеде адамдар келе жатыр
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаладағы шектеу шараларына байланысты жаңа қаулысы шықты. Құжат қалалық санитарлық-эпидемиологиялық департаментінің ресми сайтында жарияланды.

Жаңа қаулыға сәйкес, қаладағы барлық нысандар екі санатқа бөлінген. Олар Ashyq жобасы арқылы жұмыс істейтіндер және Ashyq жүйесін қолданбайтындар. Сәйкесінше, оларға қойылатын талаптар да басқа.

Қаулы 19 маусымнан бастап күшіне енеді.

1
Фото: Алматы қалалық СЭБК

2
Фото: Алматы СЭБК

3
Фото: Алматы СЭБК

4
Фото: Алматы СЭБК

Еске салайық, бұған дейін Жандарбек Бекшин Алматыда 19 маусымнан бастап жаңа қаулы күшіне енетінін мәлімдеген еді.

Жаңа қаулыға сәйкес, супермаркеттер азық-түлік сатпайтын дүкендер, базарлар - Ashyq жүйесіне кірмейді, алайда коронавирусты жұқтыру деңгейінің төмендеуін ескеріп, олар шектеусіз жұмыс істейтін болады.

Мектепке дейінгі мекемелер де Ashyq жобасында емес, бірақ олар шектеусіз жұмыс істейді. Ерекше талап - топтық іс шаралардың өтпейді.

Кеңселер қала "сары" аймақта болғанда 50% толып қызмет атқарса, қазір 30%-ы қашықтан, 70%-ы жұмыс орнында болмақ.

Мейрамханалар, кафелер, кофеханалар, демалыс орындары - егер мекемелер Ashyq жүйесінің қатысушылары болса, онда 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істей алады. Тек сыйымдылықты 50%-дан асырмау керек, яғни 70 орыннан көп болмауы тиіс.

Асхана негізінде жасалған қоғамдық тамақтану орындары - Ashyq жүйесімен жұмыс істемейді. Соған қарамастан олар тәулік бойы шектеусіз жұмыс істей алады. Банкет залдары да жұмыс істейді.

Банкет залдарына келушілердің саны 50 адамнан аспауы тиіс. Моншалар - шектеусіз жұмыс істейді, бірақ олар әлі Ashyq жүйесіне енгізілмеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918431-almatyda-karantin-zenildeidi-beksinnin-zana-qaulysy-syqty/