jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

"Палау жеуден қалдық": Елорда базарларынан сәбіз жоғалып кетті (фото)

Фото
Фото: pixabay.com

Елде сәбіз бен картоп бағасы қымбаттағалы бері, базар жағалаған жұрт сәбіздің жоғалып кеткенін айтып, дабыл қағуда. Мәселен, елордадағы жаңа ашылған сауда орнында демалыс күндері сәбіз сатылмады. Саудегерлер мұның себебін көкөністің қымбаттауына байланысты сәбіз сатып алу тиімді емес деп түсіндіруде. Бұл туралы өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Елордадағы бірнеше апта бұрын ашылған "Сауран" сауда орнында демалыс күндері әдеттегідей халық ығы-жығы. Бұған себеп – қаланың сол жағалауында арзан бағада жеміс-жидек пен көкөніс сататын жалғыз сауда орны әзірге осы жер болып тұр.

Фото
Фото: KAZ.NUR.KZ

"Сол жағалауда мұндай жердің ашылғанына қатты қуандық. Жеміс-жидекті "Евразиядан", одан қалса "Артем", "Шарыннан" барып алатын едік. Көлігі жоқ біз сияқты отбасыларға шыны керек, ол базарлар тым алыс еді. Енді міне мына жер ашылып, қазір демалыс сайын осында келеміз. Бағалары да қолжетімді. Бірақ сәбіз өкінішке қарай жоқ. Осы жердің бәрін аралап шықтық, сәбізді таппадық. Бұлай жалғаса берсе, палау жеуден қалатын болдық",-дейді қала тұрғындарының бірі.

Фото
Фото: KAZ.NUR.KZ

Жаңадан ашылған сауда орындарында расымен де сәбіз жоқ. Саудагерлердің сөзінше, бағасы шарықтағалы бері олар көкөністі сатып алудан қалған. Айтуынша, сәбізді сатып алу дәл қазір тиімсіз көрінеді.

"Қымбат болған соң қазір сатып алмаймыз. Одан да маусымдық жеміс-жидектер сатқан бізге әлдеқайда тиімді. Шие, құлпынай, таңқурай сатып жатырмыз. Сұраныс бар, халық талап алады",-дейді сауда нүктелерінің сатушыларының бірі.

Фото
Фото: KAZ.NUR.KZ

Қуаныштысы, картоп бағасы аз да болса төмендеген. Сауда орталығында картоп – 300-330 теңге көлемінде сатылып жатыр.

"Картоптары жақсы, өткеннен бері алып жүрміз. Алдыңғы апталарда қымбаттап кеткені рас, қателеспесем бағасы 500 теңгеге дейін барды ғой деймін. Қазір міне келісі 300 теңгенің маңайында, өзіміздің жергілікті дейді. Көбі сол оңтүстіктен, оның ішінде Шымкенттен әкеліп жатыр-ау",-дейді Жәния есімді қала тұрғыны.

Фото
Фото: KAZ.NUR.KZ

Естеріңізде болса, өткен аптада елімізде картоп пен сәбіз бағасы қымбаттап, елді әуре-сарсаңға салып қойған еді. Кейін ел үкіметі олардың бағасының не себепті қымбаттағанын мәлімдеген болатын.

"Палау жеуден қалдық": Елорда базарларынан сәбіз жоғалып кетті (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.