Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

КВИ-ға қарсы вакцина алудан бас тартатын қазақстандықтардан ПТР-тест талап етілуі мүмкін

Опубликовано:

вакцина алу11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекцияcының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Отырыс барысында ведомствоаралық комиссия Нұр-Сұлтан қаласында "Дельта" ("Үнді") штамына тән COVID-19 мутациясының анықталуына байланысты еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігеріне карантиндік режим бойынша мынадай қосымша шаралар қабылдауды ұсынды:

  • COVID-19-ға қарсы вакцинасыз (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ауырып шыққан адамдарды қоспағанда) ірі ұйымдасқан ұжымдардың (өнеркәсіптік кәсіпорындар), қызмет көрсету саласының қызметкерлері үшін жұмысқа кіруге шектеу енгізу;
  • КВИ-ға қарсы вакцина алудан бас тартатын (КВИ-ға қарсы вакциналауға медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ азаматтар) қызмет көрсету саласының, өнеркәсіп кәсіпорындарының және өзге де ұйымдасқан ұжымдардың қызметкерлері үшін міндетті ПТР-тест талабын енгізу;
  • "Ashyq" жобасына жаңа кәсіпкерлік субъектілерді қосу үшін, сондай-ақ жоба аясында жұмыс істеп тұрған субъектілердің жұмысын одан әрі жалғастыру үшін барлық персоналды (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ауырып шыққан адамдарды қоспағанда) вакциналау қажеттілігі жөнінде талап енгізу;
  • "Ashyq" жобасына сауда ойын-сауық орталықтарын, сауда үйлері мен азық-түліктік емес базарларды қосу.

Айта кетейік, бүгінгі отырыста Нұр-Сұлтан қаласы бойынша карантиндік режимді күшейту жайлы шешім қабылданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918907-kvi-ga-qarsy-vakcina-aludan-bas-tartatyn-qazaqstandyqtardan-ptr-test-talap-etilui-mumkin/

pixel