jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ақтөбе облысында үш апта бұрын жоғалған баланың денесі табылды

    іздестіру жұмыстары
    Іздестіру жұмыстары. Видеодан кадр: ТЖМ баспасөз қызметі

    Бүгін, жұмада ТЖМ сүңгуірлері Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында жоғалған 4-сынып оқушысының денесін тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    ТЖМ баспасөз қызметі Ақтөбе облысында жоғалған баланы іздеу жұмыстары аяқталғанын мәлім етті. Баланың денесі Елек өзенінен, шамамен жағадан 3 метр қашықтықта, 1,5 метр тереңдіктен табылған.

    Еске сала кетсек, 29 наурыздан бастап өңірде 4-сынып оқушысын тәулік бойы іздестіру жұмыстары жүргізілген. Бала үйінен шығып, қайта оралмаған. Іздестіру жұмыстары Сарыжар ауылы маңында ТЖМ, полиция, жергілікті атқарушы органдар, әскери қызметшілер, еріктілер және жергілікті тұрғындардың қатысуымен жүргізілді.

    "Алғашқы сағаттардан бастап ТЖМ авиациясы жұмылдырылды, ол үлкен аумақтарды жедел тексеруге мүмкіндік берді. Күн сайын сүңгуірлер 30-35 км су айдынын зерттеп отырды. Жүзу құралдары арқылы 25-30 км су беті тексерілді. Жаяу топтар 15-20 км жағалау сызығын қарап шықса, ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен 10-15 км аумақ бақылауға алынды. Сонымен қатар эхолоттар белсенді түрде қолданылды.

    Іздестіру жұмыстары өзеннің табиғи ерекшеліктеріне, атап айтқанда иірімді арна, қатты ағыс, қалың өсімдік жамылғысы, сондай-ақ лайлы әрі көріну деңгейі төмен суға байланысты күрделенді", - дейді ТЖМ өкілдері.

    ТЖМ тұрғындарға су айдындары маңында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.

    "Балаларды судың жанында қараусыз қалдырмаңыз; өзендер мен көлдер маңында ойнауына жол бермеңіз; қауіпсіздік ережелерін түсіндіріңіз; жабдықталмаған жерлерде шомылудан аулақ болыңыз; әсіресе ағыс қатты болған жағдайда аса сақ болыңыз", - дейді мамандар.

    Ақтөбе облысында үш апта бұрын жоғалған баланың денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.