Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ВАК жартылай міндетті вакцинация жөнінде жаңа шешім қабылдады

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ел бойынша енгізілетін қатаңдатылған жаңа шектеулер туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ералы Тоғжановтың мәліметінше, кеше COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК шешімімен елордада карантиндік шаралар қатаңдатылған. Сондай-ақ, Қазақстан бойынша да бірқатар шешім қабылданған.

"Біріншіден, коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған қызмет көрсету саласындағы ірі ұйымдастырылған ұжым жұмысшылары үшін жұмыс істеуге шектеу қойылады.

Екіншіден, вакцинациядан бас тартатын және вакцинацияға медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ қызмет көрсету саласының, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және басқа да ұйымдасқан ұжымдардың қызметкерлеріне аптасына бір рет міндетті ПТР тестілеуден өту туралы талап енгізіледі.

Үшіншіден, кәсіпкерліктің жаңа субъектілерін Ashyq жобасына қосу, сондай-ақ жоба аясында жұмыс істеп тұрған субъектілердің жұмысын жалғастыру үшін сауда орындарын жалға алушылардың, барлық қызметкерлердің вакцина алуы туралы талап енгізіледі.

Төртіншіден, Ashyq жобасына сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, азық-түліктік емес базарлар да қосылады", - дейді Тоғжанов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында карантин талаптары күшейтілгенін жазған едік.

Елордада сенбі және жексенбі күндері азық-түлік емес тауарларды сататын сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда орталықтарының, сауда желілерінің жұмыс істеуіне тыйым салынады (осы объектілерде COVID-19-ға қарсы жаппай вакциналау пункттерінің орналасуына қарамастан). Ал жұмыс күндері аталмыш нысандар сағат 17:00-ге дейін жұмыс істей алады.

Сенбі және жексенбі күндері ғимарат ішіндегі қоғамдық тамақтану объектілері де (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) жұмыс істемейді. Жұмыс күндері аталмыш нысандар 7.00-20.00 аралығында ғана қызмет көрсете алады.

Ал ашық ауада сағат 7.00-22.00 аралығында жұмыс істей алады. Бұл ретте "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919102-zartylai-mindetti-vakcinaciya-vak-qazaqstan-boiynsa-zana-sesim-qabyldady/

pixel