Қазақстанда балаларға вакцина салына ма
Жарияланған күні:
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ”Балаларға вакцина салына ма?” деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.
“QazVac“ бойынша балаларға клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ. Қазақстан заңнамасына сәйкес, балаларға клиникалық сынақтар жүргізуге тыйым салынған. Қалған вакциналарға келсек, әзірлеушілердің вакцинаны балаларға қолдану туралы мәліметтерін күтеміз. Мүмкіндігінше ел ішінде балалар жасында қолдануды қарастырамыз және тиісті шешім қабылдаймыз“, - деп жауап берді денсаулық сақтау министрі Орталық коммуникациялар қызметінде.
Еске салайық, ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ел бойынша енгізілетін қатаңдатылған жаңа шектеулер туралы айтты.
Ералы Тоғжановтың мәліметінше, кеше COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК шешімімен елордада карантиндік шаралар қатаңдатылған. Сондай-ақ, Қазақстан бойынша да бірқатар шешім қабылданған.
"Біріншіден, коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған қызмет көрсету саласындағы ірі ұйымдастырылған ұжым жұмысшылары үшін жұмыс істеуге шектеу қойылады.
Екіншіден, вакцинациядан бас тартатын және вакцинацияға медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ қызмет көрсету саласының, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және басқа да ұйымдасқан ұжымдардың қызметкерлеріне аптасына бір рет міндетті ПТР тестілеуден өту туралы талап енгізіледі.
Үшіншіден, кәсіпкерліктің жаңа субъектілерін Ashyq жобасына қосу, сондай-ақ жоба аясында жұмыс істеп тұрған субъектілердің жұмысын жалғастыру үшін сауда орындарын жалға алушылардың, барлық қызметкерлердің вакцина алуы туралы талап енгізіледі.
Төртіншіден, Ashyq жобасына сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, азық-түліктік емес базарлар да қосылады", - дейді Тоғжанов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919136-qazaqstanda-balalarga-vakcina-salyna-ma/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.