Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда жас жігіт дүкеннен 800 мың теңгенің гүлі мен ойыншығын ұрлап кетті

Опубликовано:

Гүл
Көрнекі фото: pixabay.com

Елордада полицейлер гүл сататын дүкенге ұрлыққа түскен 23 жастағы ер адамды ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, гүл сататын дүкеннің иесі ғимаратқа бәзбіреудің ұрлыққа түскенін байқап, полицияға арыз жазған.

Байқоңыр ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының арқасында 23 жастағы Нұр-Сұлтан тұрғынын ұстаған.

Тергеу барысында күдіктінің түнгі уақытта гүл сататын дүкеннің терезесін сындырып, ішке кіргені анықталды. Ол жалпы сомасы 800 мың теңге болатын гүл мен жұмсақ ойыншықтарды қолды етіп, белгісіз бағытқа қашып кеткен.

Тәртіп сақшыларының қолына түскен күдікті өз кінәсін мойындап, түсініктеме берген. Ал ұрланған гүл мен ойыншықтар қаскөйдің пәтерінен табылыпты.

Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бұған дейін жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Осы ретте Нұр-Сұлтан полиция департаменті азаматтарға сақ болып, бөтен адамдарға сенбеуге шақырады. Сондай-ақ, нысандарға бейнебақылау камераларын орнатуға кеңес береді.

Еске сала кетсек, бұған дейін де сүйіктісіне дүкеннен ұрланған гүл берген астаналық туралы жазған едік.

Ер адам дүкеннен бес байлам гүл мен қызғалдақтарды ұрлап, жалпы сомасы 70 мың теңге шығын келтірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919269-nur-sultanda-zas-zigit-dukennen-800-myn-tengenin-guli-men-oiynsygyn-urlap-ketti/

pixel