RU

"Спутник V" вакцинасын аяғы ауыр әйелдерге салуға рұқсат берілді

Жүктілік
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ресейдің денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко "Спутник V" вакцинасын аяғы ауыр әйелдерге салуға болмайды деген тыйымның жойылғанын хабарлады деп жазады РИА Новости.

Михаил Мурашконың сөзінше, сарапшылар мұндай шешімді вакцина қауіпсіздігінің клиникаға дейінгі зерттеулерінің оң нәтижелерін, сондай-ақ клиникалық зерттеулер мен тіркеуден кейінгі кезеңдегі тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы жинақталған мәліметтерді ескере отырып қабылдаған.

"Сарапшылар жүкті әйелдерге "Гам-КОВИД-Вак" вакцинасын қолдануға қарсы көрсеткіштерді жою туралы шешім қабылдады", - дейді министр.

Оның түсіндіруінше, осылайша коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары жүкті әйелдерге вацина салу мүмкіндігі пайда болады.

Басылымның жазуынша, Мурашко мұндай шешімнің қабылдануы мүмкін екенін өткен аптадаға хабарлаған. Өйткені Ресейде коронавирус жұқтырған аяғы ауыр келіншектердің саны оны мыңға жуықтаған. Ал кейбіреулерінде ауру ауыр өткен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан әлем бойынша коронавирусқа қарсы вакцина салу рейтінгінде 42-орында тұрғанын жазған едік.

Ресми деректерге сүйенсек, 24 маусымдағы жағдай бойынша толық вакцина салдырған қазақстандықтардың үлесі 9,4 пайызды (немесе 1,79 млн адам) құрады, сәуір айының соңында бұл көрсеткіш 0,7 болған еді. Осылайша, Қазақстанда вакцинация науқаны басталғаннан бастап әрбір оныншы адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырған.

Осының арқасында еліміз әлем бойынша вакцина салдыру рейтингінде 60-орыннан 42-орынға көтерілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919538-sputnik-v-vakcinasyn-ayagy-auyr-aielderge-saluga-ruqsat-berildi/