Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада "қызыл" статусы бар тұрғын қоғамдық тамақтану орнына барғаны үшін жазаланды

Опубликовано:

Ashyq қосымшасы
Көрнекі фото: gov.kz

Нұр-Сұлтанда коронавирус бойынша "қызыл" статусы бар жергілікті тұрғынға қоғамдық тамақтану нысанына барғаны үшін айыппұл салынды деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Қызыл" статусқа ие астаналық айналадағы адамдарға қауіп төндіру мүмкіндігіне қарамастан тұрғын тамақтану объектісіне баруды жөн деп шешкен.

Байқоңыр облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Нұр-Сұлтан тұрғынына қатысты әкімшілік кодекстің 425-бабы бойынша әкімшілік жауаптылықты көздейтін хаттама жасады.

Баптың санкциясы 87 мың теңгеден астам айыппұл төлеуді көздейді.

Мамандар атап өткендей, ағымдағы жылдың 5 сәуірінен бастап Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандарында үй карантинін бұзатын 4039 бұзушы анықталды, оның 1888-і "қызыл" мәртебеге ие болған.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті астаналықтарды оң ПТР-тестілеу нәтижесі және "сары" мәртебелі тұрғындарды үйдегі 14 күндік карантинді сақтауға шақырады.

Еске салсақ, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1686 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 419 800-ге жетіп отыр.

Оған қоса, Қарағанды облысында 1 шілдеден бастап карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі. Өңірде эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін ойын-сауық мекемелерінің, букмекерлік кеңселердің, мәдениет объектілерінің қызметіне тыйым салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919704-elordada-qyzyl-martebeli-turgyn-qogamdyq-tamaqtanu-ornyna-bargany-usin-zazalandy/

pixel