Бекшин: Біз коронавирустың төртінші толқынының алдында тұрмыз
Жарияланған күні:
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифинг кезінде коронавирустың төртінші толқыны басталуы мүмкін екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Бүгінде жағдай ушығып, коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп жатыр. Қазір біз төртінші толқынның алдында тұрғанымызды мойындауымыз керек. Біз таяуда ғана "альфа" штамнан пайда болған үшінші толқыннан шықтық. Қазір "дельта" немесе "үнді" штамынан пайда болатын төртінші толқынның алдында тұрмыз.
"Үнді" штамының патогенділігі өте жоғары. Сол себепті біз бұл инфекцияның таралуын тоқтату үшін қатаң шектеу шараларын қабылдауға мәжбүрміз", - дейді Жандарбек Бекшин.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласы "қызыл" аймаққа өтуіне байланысты карантин қатаңдатылғанын жазған едік.
Одан бөлек, Нұр-Сұлтан денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов қалада жаңа инфекциялық станционарлар жасақталып жатқанын айтқан болатын.
"Өткен жылы біз инфекциялық станционар ретінде жасақталған бұрынғы "Рамада Плаза" қонақ үйін жапқан едік. Қонақ үй бастапқыда коронавирусқа арналған станционар, содан кейін карантинге арналған станционар болып жұмыс істеді. Қазір бізге сол жерде тағы да 500 төсек-орын дайындау қажет болып отыр. Бүгіннен бастап "Рамада Плаза" коронавирус инфекциясын жұқтырған пациенттерді қайта қабылдайтын болады.
Бұл қабылданып жатқан шаралар коронавируспен ауырғандар санының күн сайын өсіп жатқанын білдіреді. Біз төсек-орын санын көбейтіп, кадрлық ресурстарды іске қосуға мәжбүрміз. Инфекциялық станционарларға бір тәуліктің ішінде 150-200 адам түсіп жатыр", - дейді Мұратов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919837-beksin-biz-koronavirustyn-tortinsi-tolqynynyn-aldynda-turmyz/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.