Елімізде тағы 1321 адамнан коронавирус анықталды
Жарияланған күні:
Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандарға қатысты соңғы мәлімет шықты. Өткен тәулікте 1321 адамнан коронавирус анықталды деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 370
- Алматы қаласы - 126
- Шымкент қаласы - 33
- Ақмола облысы - 44
- Ақтөбе облысы - 10
- Алматы облысы - 43
- Атырау облысы - 66
- Шығыс Қазақстан облысы - 65
- Жамбыл облысы - 31
- Батыс Қазақстан облысы - 63
- Қарағанды облысы - 288
- Қостанай облысы - 45
- Қызылорда облысы - 17
- Маңғыстау облысы - 25
- Павлодар облысы - 45
- Солтүстік Қазақстан облысы - 15
- Түркістан облысы - 35.
Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 421 121-ге жетіп отыр.
Айта кетейік, 28 маусымдағы жағдай бойынша, еліміздің үш өңірі бір тәулікте "сары" аймаққа өтті.
"Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр.
"Сары" аймақта Шымкент қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстары орналасқан.
Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары "жасыл" аймақта.
Одан бөлек, аса жұқпалы "үнді" штамының тіркелуіне байланысты Алматыда шектеу шаралары күшейтілді.
Жаңа қаулыға сәйкес, қалада жаппай маска тағу режимі енгізіледі, қоғамдық көлік, такси, метро, әуежай, вокзал, балалар алаңдары, базарлар және басқа да қоғамдық орындарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілетін болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919897-elimizde-tagy-1321-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.