Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Бір тәулікте Қазақстанның үш өңірі "сары" аймаққа өтті

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, 3 өңір "жасылдан" "сары" аймаққа өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

28 маусымдағы жағдай бойынша, "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр.

"Сары" аймақта Шымкент қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстары орналасқан.

Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары "жасыл" аймақта.

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1686 адам тіркелген. Олардың дені елордадан. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 419 800-ге жетіп отыр.

Айта кетсек, Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты қосымша тексеріс жүргізу мақсатында 54 науқастан сынама алынған болатын.

Алдын ала талдау олардың 56 пайызында "үнді" штамы расталып ("Дельта" штамы) отырғанын көрсеткен.

Осы орайда денсаулық сақтау министрлігі қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша карантиндік шектеулер енгізуді ұсынған еді.

22 маусымда премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекцияcының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Оның барысында елордада карантин режимін күшейту туралы шешім қабылданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919708-koronavirus-bir-taulikte-qazaqstannyn-us-oniri-zasyl-aimaqtan-saryga-otti/

pixel