RU

Алматыда пәтер жалдаушы әйел үй иесін өлтірді деген күдікке ілінді

Кісен
Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматыда пәтер жалдаушы үй иесін өлтірді деген күдікпен қамауға алынды хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға Алатау ауданындағы жер үйлердің бірінде болған. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, ер адам мен әйел бір бөлмені жалға алған. Үй иесі оларға бөлмеде ішімдік ішіп, шулауға болмайтынын айтып, ескерту жасаған.

"Ол кете салысымен екеуі ішімдік ішіп, шулаған. Үй иесі оларға ескерту жасаған. Осы кезде олардың арасында жанжал шыққан. Әйел үстелдің үстіндегі пышақты алып, үй иесіне салған. 50 жастағы ер адам сол жерде көз жұмды. Күдіктілер ұсталды. Екеуі де мас болған. Олар Алатау аудандық полиция басқармасына жеткізілді",- деп хабарлады полиция департаментінде.

Аталған қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда әйелін қызғанған ер адам кісі өлтіргенін жазған едік.

Сотта анықталғандай сотталушы өз әйелін жәбірленушіден қызғанып, 2020 жылдың 30 желтоқсаны күні сағат кешкі 8-дер шамасында жәбірленушінің пәтеріне барып, есігін қаққан. Ер адам есікті ашқан бойда оған жұдырық жұмсап, ұрып құлатып, өлімші етіп сабаған.

Одан әрі, ол қасақана қылмыстық іс-әрекетін жалғастырып, ер адамның өлгеніне көз жеткізіп, оның 20 000 теңге тұратын ұялы телефонын жасырын жымқырып, қылмыс болған жерден ізін суытқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920119-almatyda-pater-zaldausy-aiel-ui-iesin-oltirdi-degen-kudikke-ilindi/