jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Азия ойындарының тарихи медалін жеңіп алды

    Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы
    Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы. Фото: Владислав Семенов / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

    Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында көркем гимнастикадан жарыс аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Топтық көпсайыстың финалында бес команда бақ сынады. Олар бес доппен, сондай-ақ үш шығыршық және екі жұп ұршықпен өнер көрсету бағдарламаларын ұсынды.

    Қазақстан құрамасы бірінші кезеңде үшінші, екіншісінде төртінші нәтиже көрсетті. Жалпы есепте 51,550 ұпай жинаған Жасмин Жүнісбаева, Аида Хакимжанова, Мәдина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская қола жүлдегер атанды.

    Алтын медальді Қытай командасы (55,300), күміс жүлдені Жапония өкілдері (52,500) иеленді.

    Көркем гимнастикадан топтық көпсайыс Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Жекелей көпсайыста бұған дейін қазақстандық Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы үздік бестікке енген болатын.

    Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Азия ойындарының тарихи медалін жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram