Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семей тұрғындары полицейлерді үйінен шығарып тастауды талап етті

Опубликовано:

Апалар
Видеодан кадр: Еуразия бірінші арнасы

Семейдегі көпқабатты үйлердің бірінде тұрғындар ғимаратта орналасқан полиция пунктін алып тастауды сұрап отыр. Жағдайға қатысты ШҚО полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".

Тұрғын үйдің бірінші қабатында полиция пункті бар. Мұнда тәртіп сақшылары күдіктілерді, мастар мен үйсіз жүргендерді жиі әкеледі. Барлығы бір есіктен - ортақ подъезден кіреді.

"Подъезде үнемі адамдар жүреді. Балалар сыртқа шығып, серуендей алмайды", - дейді адамдар.

Тұрғындардың сөзінше, оларға маусым айында пунктке кіретін бөлек есік пайда болатынын айтқан, алайда әзірге нәтиже жоқ. Айтуларынша, дыбыс оқшаулағышты да орнатулары керек болған.

Осы ретте Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті заң бойынша полиция пунктерін тұрғын үйлердің ғимаратына орналастыруға тыйым салынбағанын хабарлады.

Ведомство тұрғындарды сабыр сақтауға шақырды. Шілде айында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жеке кіретін есік пайда болады деп жоспарланынын жеткізді.

Сюжетті 27.47 минуттан бастап көруге болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Семейде жалақысыз қалған автобус жүргізушілері жұмысқа шықпай қойғанын жазған едік.

"Semey Bus" және "Семей Автобус паркі" жауапкершілігі шектеулі серіктістігінің қоғамдық көліктері желіге шықпаған. Бұған еңбек ұжымына жалақының уақытылы төленбеуі себеп болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920150-semei-turgyndary-policeilerdi-uilerinen-sygaryp-tastaudy-talap-etti/

pixel