Кентау-Түркістан тас жолында 4 автокөлік соқтығысып, екі адам көз жұмды
Жарияланған күні:
Кентау-Түркістан тас жолында төрт автокөлік соқтығысып, екі адам көз жұмды деп хабарлайды Polisia.kz.
30 маусымда Түркістан облысы аумағында төрт автокөліктің қатысуымен жол -,көлік оқиғасы орын алды. Жол апаты орын алған жерге бірден тәртіп сақшылары шықты. Полицейлердің анықтауы бойынша, Кентау-Түркістан тас жолында Lexus, Volkswagen, Daewoo және ВАЗ көліктері соқтығысқан.
Жол- көлік оқиғасының салдарынан Daewoo көлігінің жүргізушісі және бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Осы көліктің тағы да екі жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен Кентау қаласының ауруханасына жеткізілді. Оқиға орнында анықтаушылар мен криминалистер жұмыс істеуде. Аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Толық мән-жай тергеу барысында анықталады.
Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын Алматы облысы Қарасай ауданы Жамбыл ауылындажантүршігерлік жол апаты болған еді.
Полицияның мәліметінше, "ЗИЛ 431410" жүк көлігінің 45 жастағы жүргізушісі тас жолмен оңтүстік бағытта келе жатып, 30-шақырымда жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан үш жүргіншіні қағып кеткен.
Салдарынан 53 жастағы ер адам мен 9 жасар бала оқиға орнында қайтыс болған. Үш жасар бала ауруханаға жеткізілген.
Қазіргі уақытта жол апатына қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) қылмыстық іс қозғалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920293-kentau-turkistan-tas-zolynda-4-avtokolik-soqtygysyp-eki-adam-koz-zumdy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.