Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

LRT құрылысы қайта жанданды: Мердігер компания имамды шақырып, құрбандық шалған (видео)

Опубликовано:

Дұға
Видеодан кадр: КТК телеарнасы

Таяуда ғана Нұр-Сұлтанда LRT құрылысының қайта жанданғаны белгілі болды. Анықталғандай, құрылысқа жауапты мердігер компания жұмысты ойдағыдай бастау үшін имам шақырып, құрбандық шалған деп хабарлайды "Экспресс К".

Басылымның жазуынша, құрылыс алаңына имам метро құрылысына жауапты мердігер компания - CRAEC қытайлық консорциумы басшылығының бастамасымен шақыртылған.

"Қазақ және мұсылман дәстүрлеріне лайықты құрмет көрсете отырып, компания басшылығының бастамасымен құрылыс жұмысын сәтті бастау үшін мешіттің имамы дұға оқу мақсатында шақыртылды", - деп келтіреді басылым компания директоры Фу Сицюзяньнің сөзін.

Сонымен бірге, дұға бағыштаудан бөлек, құрбандық шалынған. Қойды жақын маңдағы мешітте құрбандыққа шалып, етін медрсеге бергені хабарланды.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары атышулы LRT жобасының құрылыс алаңында техникалар мен жұмысшылар жүргенін айтып, видео жариялаған еді.

Кейінірек, City Transportation Systems (CTS) компаниясы мердігер ұйым – қытайлық CRAEG консорциумы құрылыс-монтаж жұмыстарына кіріскенін мәлімдеді.

"Олар жүргізетін құрылыс-монтаж жұмыстарының кестесі пандемияға байланысты түзетілген болатын", - деп хабарлады CTS баспасөз қызметі.

Жұмысшылар елімізде карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты тоқтатылған дайындық жұмыстарын аяқтап жатқаны белгілі болып отыр.

"Бұған дейін қызметкерлер карантинге байланысты елге кіре алмады. Енді олар қайтып келіп, келісімшарт бойынша атқаруға тиіс жұмысты аяқтап жатыр", - деп түсіндірді CTS.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920380-lrt-qurylysy-qaita-zandandy-merdiger-kompaniya-imamdy-saqyryp-qurbandyq-salgan-video/

pixel